Басты жаңалықтарМузыкаПродюсерСұхбаттарӘнші

Ұлықпан Жолдасов:Мен әнші емеспін

Бүгін белгілі әнші, продюсер, композитор Ұлықпан Жолдасовтан сұхбат алған болатынбыз, Ұлықпан ағамыздың Швецияда болған күндері туралы,продюсерлігі туралы,қыздармен неліктен жұмыс істей алмайтыны туралы Ұлықпан Жолдасовтың порталымызға берген сұхбатынан біле аласыздар!

 

Сұхбатымызды шығармашылық жаңалықтарыңыздан бастасақ…

Шығармашылық жаңалық көріп жатырған шығарсыздар,Бауыржан “Қазақстан Дауысы” жобасын жеңіп алды,маған көптеген әңгімелер айтылды,Ұлықпанға 5 миллион керек болған шығар сосын жеңіп берген шығар дейді,маған оның бір тиыны да қажеті жоқ,”Батыс” тобын Бауыржан Ретбаев жеңіске жеткеннен кейін,оның үстіне Бердібек Құлғараев та ”Қазақстан Дауысы” жобасының финалисті сондықтан топты ”Дауыс Kz” деп ауыстырдық.

Әлеуметтік желілердегі сізге жазылған пікірді жиі оқисыз ба?

Кейде оқып тұрамын,оқымағанның өзінен де әйелім осылай жазыпты, осылай жазыпты деп айтып отырады,кейбіреулері жамандап жатады,кейбірлеулері мақтап жатады,халық болғаннан кейін барлығына бірдей ұнай беру мүмкін емес,жалпы әлеуметтік желілерде 80 пайыз адамдар “Дауыс Kz” тобын қолдап жатыр.

“Каспий, “Заман”, “Диета Kz”, ”Батыс”, “Дауыс Kz” осы аталған топтардың барлығы жігіттерден құралған топтар, қыздарды жинақтап қыздар тобын құру ойыңызда жоқ па?

Өз басым қысқа мерзімді топтарды жақтырмаймын,ең аз дегенде 7-8 жыл жұмыс жасау керек,”Каспий” тобы жеті жылдай жұмыс жасады,Қазақстанда қандай топтар бар деген кезде “Каспий” тобы айтылады, көптеген жылдардан кейін “Каспий” деген топ болып еді деп халық еске алып отырады деп ойлаймын, жігіттерде ешқандай реніш жоқ деп ойлаймын, ал қыздарға келсе тұрмысқа шығамын дейді, бала сүйу керек болады сондықтан қыздармен көп жұмыс жасай алмаймын, ал енді өз қызым ол өз қызым ғой,бірақ Фаридаға көп мән беріп қарап жатқанымда шамалы.

“Заман”, “Диета Kz”, “Дауыс Kz” және т.б топтар қанатыңыздың астында өзіңізді продюсермін деп есептейсіз бе?

Мен көпке әншілер жол сілтеуші болдым, Саят Медеуов,Ақылбек Жеменей,Әділ Сламхан,Ғаділбек Жанай, марқұм Нәби Аймұратов және т.б әншілерге жол  сілтем,көмектестім, ал қазір мен продюсермін қандай ән жазу керек,қандай бейнебаян түсіру соның барлығы менің айтуым бойынша болып жатыр, тағы бір жаңалық жақында Швеция еліне барып қайттым, 7 сәуірде жұмыстарыммен Швецияға тағы да барып қайтпақшымын, шілде айында Швецияның “Мисс Вселенная ” деген сұлулар байқауында “Дауыс KZ” тобымен бірге Алла қаласа өнер көрсетіп қайтатын боламыз.Және тағы бір жаңалық шетелдің мықты мықты әншілерімен екі балам дуэт айтпақ, “Дауыс KZ” тобын шетелге таныту мүмкіндігі туып жатыр,соған жұмыс жасап жатырмыз

“Дауыс KZ”.тобын шетелдік байқауларға шығару ойыңызда бар ма?

Әзірге жоқ,оның өзі көп уақытты алады,”Қазақстан Дауысы” жобасының өзі 6 айға созылған болатын,сондықтан оның барлығы уақытты алады,”Евровидение” байқауына қатыстырсам ба деймін,біз Азия болғанымызбен, Батыстың жартысы Еуропаға кіреді ғой,мүмкіндік болып жатса сол байқауға қатырсам ба деймін,барлығын уақыт көрсете жатар.

Өзіңіз “Неге солай”, “Алтынай” және т.б әндеріңізбен танылдыңыз, ары қарай өнеріңізді шыңдап, Ұлықпан Жолдасов болып шыққыңыз келмейді ме?

Мен өізмнен гөрі біреуді шығарғанды жақсы көремін,мен әнші емеспін, мен орындаушымын, мен гитаристпін, мен композитормын,сахнаға шыққаннан гөрі біреуді шығарғанды және ән жазғанды жаным қалайды.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close