Жаңалықтаржоғары

Бағлан Әбдірайымов: Төреш, кешірім сұрап,ел алдына шық!

Күні кеше белгілі әнші Төреғали Төреәлінің  Павлодарда өткен атышулы ән кешінде өзінен суретке түсе бермей, ән айтуды талап еткен қарияны залдап қуып жіберген видеосы желіде желдей есіп, халықты дүр сілкіндірген еді.

«OrdaFM» радиосының жетекшісі ретінде, кеше желіде тараған әнші Төреғали Төреәлінің сахнада көрсеткен «өнерінен» соң, біз радио ұжымы болып әншінің барлық әндерінің эфирден алынып тасталғанын хабарлаймын! Сахнадағы өрескел қылығы үшін концертке келген көрермендерден кешірім сұрауын талап етеміз!»,- деп жазды радио жетекшісі Азамат Исаев желідегі парақшасында.

Танымал әншілерден Меруерт Түсіпбаева қарсылығын әлеуметтік желіде жазған еді. Артынша «Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов Төреғалиға халықтан кешірім сұрауды айтты. Онымен қоса, халық та өз наразылдырықтарын білдіріп жатса, бірі «көре алмайтындар көп қой, монтаж шығар» дегендер де болды.

«Ақылың бар жігітсің ғой, Төреш! Елден безіп қайда барасың? Кешірім сұрап, ел алдына шық! Шашпен сырғаны жыр ғып жүргенде, қате болыпты мұның. Концертте ел тұрып кетпегеніне қарағанда, сол залдағылар сені түсінген ғой. Қатең болса мойындап, анық — қанығын айт! Кешірімді xалықпыз, түсінер сені»,— деп жазды ол жеке парақшасында.

Сондай-ақ шоу-бизнес саласында жүрген продюсер Зарина Мүсілім: «Бұттарына тырысқан шалбар киіп, құлақтарына сырға тақты» деп жас жігіттерді сынаған ағалардың Төреғалиға келгенде үндемей отырғанына қынжылды.

«Баяғыда бір топты сәнді джинси кигені үшін: «Бұттары түскен шалбар кигені несі?» деп сынаған еді ағалар. Былтыр бір топпен имидж үшін бір сахнада өнер көрсетуден бас тартып еді. Неге сахнада боқтық айтып тұрған әншіге қарсы ешқайсысы ештеңе жазбай жатыр? Журналистерді ренжіткенде үндемеді ешкім. «Әр қазақ менің жалғызым!»- деп жүргендер залдағы мың қазаққа түкірді?«,- деп ренішін білдірді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close