Басты жаңалықтарЖаңалықтарТелерадио

«Хабар» арнасы бишілерге арналған «Биле, Қазақстан!» атты жаңа жобаны ұсынады

«Хабар» арнасы талғамы жоғары көрермен үшін тағы бір тың дүние әзірлеп жатыр.

Халықаралық жоба шетелдік би жарысының Орта Азия аумағындағы алғашқы нұсқасы болмақ.  Әйгілі «Эндемол» компаниясы би байқауын Қазақстанда ұйымдастыруға келісімін берді. Бұл – «Хабар» агенттігінің бірнеше жыл бойғы жүргізген келіссөздің нәтижесі.

Бағдарлама Қытай, Австралия, Ұлыбритания сынды әлемнің 37 елінде көрсетіліп, ең жоғарғы рейтингтерге ие болған. Ал елімізде өтетін би жарысына 10 жастан асқан кез келген азамат қатыса алады. Басты талап – жеңіске деген ұмтылыс пен өнерге құштарлық», – дейді ұйымдастырушылар.

Ринат Кертаев, «Хабар» телеарнасының директоры

-Бұл жобаның пайдасы зор. Өйткені біздің елде бимен айналысатын әртүрлі қалаларда, аудандарда, бидің түрлі жанрын меңгерген талантты жастар өте көп. Біз осы отандық би қозғалысын дамытамыз деген мақсат қойып отырмыз және жобаның басты мақсаты ол салауатты өмір салтын, спорт, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау.

«Биле, Қазақстан!» жобасына қатысушыларға әйгілі бишілер баға береді. Қазылар алқасының құрамына шетелден арнайы маман шақыртылған. Байқау қатысушылары төрешілердің назарына түрлі жанрдағы билерді ұсынады. Жарысқа сондай-ақ таяу және алыс шет елдерінің өкілдері үшін де ашық.

Дастан Оразбеков, қазылар алқасының мүшесі

-Азаматтар, азаматшалар өзінің биінің қаншалықты шыныққанын көрсете алады және де жалғыз ғана өзінің туған-туыстарына емес, жалпы елген. Оның ішінде балеттен бастап хип-хоппен аяқтауға болады. Жалпы егер адамның өзінің бойында бір жаңа ойлап тапқан биі болса, оны да көрсетуге болады. Қазақстан бойынша бұл байқауға іріктеу кезеңдері Астанада шілденің 23-і мен 24-і аралығында, ал Алматыда 30-шы және 31-ші шілдеде өтеді.   Естеріңізге салайық, «Биле, Қазақстан!» шоуы арнаның эфирінен күзгі телевизиялық маусымның басында көрсетілетін болады.

Дереккөз: khabar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close