Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоумен & Тұлға

Нұржан Төлендиев Мақатаевтың өлеңін өзгертіп айтамын деп сынның астында қалды

Белгілі әзілкеш, «Алдараспан» театрының директоры, соңғы уақытта әншілік қырынан көрініп жүрген Нұржан Төлендиев, Мұқағали Мақатаевтың «Отыздан асып барамын» атты өлеңін өзгертіп, «Жиырмадан асып барамын» деп әнге қосыпты.

Нұржан Төлендиев «Отыздан асып барамын» дегенді «Жиырмадан асып барамын» деп неге әнге қосып жүр?! Бұрын-соңды «Отыздан асып барамын» дегенді құлағына сіңірген жыр сүйер қауым «Бұл қалай?» деп аң-таң күйде. Сонда ақынның өлең жолындағы әр қазаққа сіңісіп кеткен сөз тіркесін бұрмалау кімге абырой әпермек?  Бұған неге бейжай қарамақпыз? — дейді  http://turkystan.kz сайтының журналисті Динара Мыңжасарқызы.

Мұның астарында не жатыр? Ақынның поэзиясымен әлі таныса қоймаған жастарды адастырмаймыз ба? Ертеңгі күні Мұқағалидың өлеңдерін оқымаған жас­тар «Е-е, ақын «Жиырмадан асып барамын» деп жырға қосқан екен» десе, кім кінәлі? Бүгін Нұржан Төлендиев, ертең басқа әнші кез келген ақынның өлеңін өз қалауынша өзгертіп алса, не болмақ? Бұған кім тосқауыл қояды? Бәлкім, «өзі жоқтың көзі жоқ» дейтін шығар. Алайда әр нәрсенің артында сұрауы бар. Осыдан бәленбай жыл бұрын өмірден озған ақынның әруағы атып жүрмесін, абай болайық-деді автор.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

    1. Арине Мукагали Макатаев олендери арзанкол музыкаларга да пайдаланылып жур,ол бирак халкы ушин кызмет етуде!Нуржан ол талант,талантты коре алмайтындар ынгайын тауып аяктан шалады.Мукагали жырларын халык жатка биледи тузетип ,олендери озгерип кетеди деп ойламаймын!

  1. Нуржан эзiлкеш, дарынды жас. Оны аяктан шалу, орынсыз жерге пышак урганмен тен. Оз басым бул талантты онер иесiн катты курметтеймiн, себебi ол унемi iзденспен жумыс iстейдi, халыктын мун-муктажын эзiлмен жеткзе бiлeдi. Тиiспендер Нуржанга! Ал, Мукагали казак халкынын асылы одан зардап шекпейдi.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close