ЖаңалықтарСпорт

Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды

Олимпиада чемпиондары Нижат Рахимов пен Дмитрий Баландин Қазақстан әскері қатарына қосылды деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада еліміздің абыройын асқақтатқан Қазақстан чемпиондары спортты біраз уақыт қоя тұрып, отан алдындағы борыштарын өтемекші.

«Спортшылар Олимпиададан біраз бұрын әскер қатарына шақырылған еді, енді Астана әскери бөлімшесінде қызмет ететін болады. Алда жоспарланған жарыстарға әскер қабырғасында жүріп дайындалуға тура келеді, алайда бұл атлеттердің дайындығына еш кедергі келтірмейді», — деп хабарлайды федерация.

Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды (фото)

«Әр адам Отанына қызмет етуі қажет. Әскер – әрбір ер-азамат басынан өткеруге тиіс мектеп. Мен әрқашан дайынмын және бүгін әскери форманы мақтанышпен кидім», — деп ойымен бөлісті Нижат Рахимов.

Дереккөз: Qazaquni.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close