Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоумен & ТұлғаӘнші

«NINETY ONE» Q-POP (QAZAQ-POP) ДЕП АТАЛАТЫН СУБМӘДЕНИЕТТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАМАҚШЫ

H1gIvzEfv74

Ninety One» Q-pop (Qazaq-pop) деп аталатын субмәдениеттің негізін қаламақшы. Бұл туралы олар ztb.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Алайда бұл субмәдениеттің негізіне не кіретінін әншілер нақтылап айтпады. «Біздің стиль Қазақстан үшін таңсық. Кейбірі оны түсінеді, кейбірі түсінбейді, біздің басты мақсатымыз — Q-pop (Qazaq-pop) деп аталатын субмәдениеттің негізін қалау. Әрине, теріс пікірлер де бар, және біз бұған дайын болғанбыз, бірақ оң пікірлер олардан көп. Және бұл бізді алға жетелейді, сондықтан біз мақсатымызға жету жолында тоқтамаймыз» — дейді топ әншілері.

76

Топ 2014 жылы «Орда» тобының солисі Ерболат Беделханның бастауымен құрылды. Топқа неге «Ninety One» деген атау берілгендігі жайлы продюсері былай дейді: «Ағылшыннан аударғанда 91 деген мағына береді, ал 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған. Яғни біздің әуеніміз, стиліміз бен шығармашылығымыз да еркін әрі тәуелсіз екенін айтқымыз келеді». Топ аз уақыт ішінде жасөспірімдердің көңілінен шығып, тыңдармандарын жаулап алды. Айта кетейік, топтың 2015 жылы 1 қыркүйекте шыққан «Айыптама» бейнебаяны Gakku арнасының шеруінде 11 апта бойы бірінші орыннан түспеді.

568da4c583_750crop

 

Топтың болашаққа жоспары көп. Жақында көрермендерге екінші бейнебаяннын ұсынбақшы. Сонымен қатар, жігіттер бірінші мини-альбомдарының тұсау кесерінде Қазақстанда бірінші рет фан-митинг жасамақшы.

Дереккөз: baistars.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close