Жаңалықтаржоғары

Дәурен мен Ақбота айрылысып кетті

«КЕШYOU» тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен айырылысып кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әнші бұл туралы өз желі парақшасында мәлімдеді.

«Қайырлы күн, қымбатты достар! Менің артымнан балағат сөздер жаудырып, жеке өміріме қол сұққандардың бәріне рақмет. Сіздердің арқаларыңда әрі қарай өмір сүріп, өмірге қуана білуді үйрендім. Бүгін мен бұл хикаяға нүкте қоюды ұйғардым», — деп сөзін бастады Ақбота.

«Менің және бұрынғы күйеуімнің арасындағы қарым-қатынас сіздерге қызық болды ғой? Мен оған өкпе сақтамай, еркімен жіберуді ұйғардым. Біздің арамызда не болғанын, оның не себепті бірінші, екінші отбасынан кетіп қалғанын, ал енді үшінші отбасынан кетіп жатқанын білмейсіздер. Сіздер бұл адамды мүлде білмейсіздер. Оның барлық әрекеті өз ар-ұятына. Оның жасырын он әйелі болса да, бақытты болсын. Қазір мен тек ұлыма алаңдаймын. Аллаға осындай періште сыйлағаны үшін рақмет. Мені жалғыз қалды деп аяудың қажеті жоқ. Қасымда сүйікті інім мен жақындарым қалды», — деп жазған Ақбота.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close