ЖайдарманЖаңалықтар

«Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті

ASP_2229000000

24 қазан күні мектеп жасындағы балалар арасында «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты — оқушылардың өнерін жанып, тапқырлыққа баулу. Әрі әзілге жақын болып, өмірге көңілді қарауды да мақсат тұтады. Бұл шара жыл сайын өтіп келе жатқан болатын.

ASP_2204000000Биылғы сайысқа республика бойынша 13 команда қатысып, «Сәлемдесу» сайысы бойынша додаға түсті. Жүздері жайнаған жас ұландардың сайысына республикалық Премьер лига ойындарының  тұрақты қазысы — Нұрмахан Мұқанұлы, «Балапан» телеарнасының директоры — Ләйлә Сұлтанқызы, Республикалық «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының төрайымы — Динара Садвакасова, Білім және ғылым министрлігі, Жастар саясаты департаментінің директорының орынбасары — Ернат Мұхамадиев және «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі — Дәулет Бижанов қазылық етті.

Ойын барысында Ақмола облысы, Степногорск қаласынан келген «Сейфуллин жастары» және Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» жайдарман тобы қонақ ретінде өнер көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен «Қамажай» (ІІІ орын, 200 000 теңге), «Осал емес» (ІІ орын, 150 000 теңге)«Көңілді көшпенділер» (І орын, 200 000 теңге) жайдарман топтары жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close