Басты жаңалықтарЖаңалықтар
Халықаралық «Славян базары-2017» байқауында еліміздің намысын Ayree қорғайды
Белоруссия елінің Витебск қаласында 25 жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Славян базары» халықаралық байқауы биыл 11-ші және 19-шы шілде аралығында өтеді.
Осы жылы халықаралық байқауда еліміздің намысын Ayree есімді жас әнші қатысады. Осыған дейін еліміздің намысын Алишер Каримов, Мархаба Сәби, Динара Сұлтан, Бердібек Құлғараев сынды әншілер қорғап, жүлделі орындарға ие болған болатын. Ал 2015 жылы Димаш Құдайбергенов халықаралық байқауда үздік орын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Димаш Құдайбергенов байқаудың арнайы қонағы болады деп күтілуде.