Басты жаңалықтарМузыкаӘнші

Аян Өтепбергенов пен Ерке Есмаханның арасында…

 

Қазіргі таңда «инстаграм» әлеуметтік желісі 100% қолданыста десек артық айтпағанымыз болар. Ол арқылы танымал адамдардың қайда, не істеп, не жеп жүргенін біліп отыратын заман болды.

Cоңғы кезде танымал әнші Ерке Есмахан мен жас актер яғни «Жау Жүрек мың бала» фильмінің басты рөлдерінің бірін сомдаған (Таймас) Аян Өтепбергеновтың арасында бір нәрсе бар деп халық шулауда… Олай дейтін себеп те бар, Ерке инстаграм парақшасына Аянмен бірге түскен суретін салған болатын және шет елге бірге барғандарын да халық көрген…

Өздеріңізге белгілі Ерке Есмахан белгілі тележүргізуші Асхат Садырбаймен дәм тұзы жараспай екіге бөлінгенін халыққа түсінікті тілмен «инстапарақшасында» жариялаған болатын! Сонымен шындық жақында Ерке Есмаханның Үнді елінде түсірілген жаңа бейнебаяны жарық көрмек сол бейнебаянда Аян мен Ерке махаббат рөлін сомдамақ…

Ия «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды»-дейді. Алайда ол желдің қайдан ескенін ешкім білмейді… Басқаша ойлап жүргендердің құлағына алтын сырға, Аян мен Еркенің арасында тек қана тығыз достық байланыс бар және солай болып қала береді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close