Әнші Индира Елемес сәлем салмайды
«Сәлем салу» — қазақта байырғы заманнан бері келе жатқан дәстүр. Сәлем салу – келіннің ата-енесіне, қайын жұртына амандасуы. Сәлем беру өзіңнен, жарыңнан үлкен кісіге деген сый-құрметің екенін естен шығармау керек.
Сәлем салу — келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен аманы.
Әдебі мен ибалылығы оң бойынан көрінетін кей жұлдыздардың арасында сәлем салмайтындары да бар екен. Солардың бірі – Индира Елемес. Отандық «Ел аузында» бағдарламасына берген сұқбатында әнші сәлем салмайтынын айтты. Оған себеп: ол аттаған босағада, яғни келін болып түскен өлкеде сәлем салмайды екен.
Күйеуі туралы жақ ашпайтын Индира Елемес қай өңірдің келіні болды екен? Оны алдағы уақыттарда біле жатармыз.