Жаңалықтар

«Ninety One» тобының тыңдармандары шетелде күн санап артуда

Ninety one (91) тобының танымалдылығы күн санап артуда. Мақтау мен даттауды қатар естіп жүрген аты шулы топтың шетелде тыңдармандары баршылық. Олар топ жайлы, топтың шығармашылығы туралы ғаламтор бетінде жарысып жазуда. Ютубтың Neide1Guerreiro деп аталатын каналында португалиялық қыздар жігіттердің бейнебаянын көргеннен бастап Ninety one-ның жанкүйерлеріне айналғандары туралы айтады. Қазақстандық топты ұнатқан қыздар қазақ тілінің құлаққа жағымды екенін атап өтті. Біздің жігіттердің жүріс-тұрысы, бет-бейнесі де шетелдік тыңдарманның назарынан қалыс қалмады. Қазақтарды кәріске қатты ұқсатқан қыздар мемлекеттік тілге келгенде шатасты. Орысша комментарийлердің көбірек жазылатындығын байқаған олар елдің мемлекеттік тілі орыс тілі деп ойлап қалыпты.

«Қазақстаннның Ninety one тобының әншілері кәрістің «Big Bang» тобын қайталап жүр. Мұны толыққанды плагиат деуге болады» дейтін шетелдіктер де жоқ емес. Дегенмен, топ жайлы жағымды пікір өте көп.

Дереккөз: Qamshy.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

5 пікір

  1. Осы топ арқылы шетелдіктер Қазақстан еліне қызығушылық танытып, тілінің сұлулығына қызығып, қазақ тілін кейбіреулері үйренгісі келіп жатса да біздің қазаққа жақпайсың. Мен өзім ол видео реакциялардың барлығын көрдім. Шынымен де олардың көбісі осы топтан кейін біздің басқа да әншілеріміздің шығармашылығына қызығушылық танытып жүр. Кейбіреулері Қазақстан елі туралы ресми видеоны көріп, Астана қаласының әдемілігіне, жері мен дәстүрлеріне таң қалуда. Сенбесеңіздер ютуб каналынан көріңіздер. Неге біздің ел де өзінің өнерін шетелге шығармасқа. Жайлап басқа дәстүрлі әншілерімізге де қызығатынына сенімім мол.

      1. Жарайсыз. Барлық қазақ қазақ үшін Сіз сияқты қуанса шіркін!Біз қашан көре алмаушылықтан арылып, бірімізді — біріміз дәріптейміз?!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close