Жаңалықтаржоғары

Сәбит Әбдіхалықов: КВН-нан шыққан әртіс болмайды

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы Сәбит Әбдіхалықов JASQAZAQ.KZ сайтына берген сұхбатында қазақ өнерінің бүгінгі күйі, театрдың тыныс-тіршілігі, қазақ сатирасы жайында әңгіме тарқатып, журналист Салтанат Шырынханның:

 — Сіз «Мафия мен Тақия», «Бауыржан шоу», «Тамаша» әзіл-сықақ театрларында өнер көрсеттіңіз. Жалпы бүгінгі сатираның деңгейін қалай бағалайсыз? Олардың көтеріп жүрген тақырыптары КВН-мен «рухтас» болып бара жатқан сияқты ма, қалай? — деген сұрағына КВН-мен, театр өнерін шатастырмауды сұрап:

—  «Қазір сатирада жүрген біраз азаматтарды актер деуге келмейді. Оларға КВН ойыншылары, жақсы әзілкеш ретінде ғана қараймын. КВН деңгейінде ғана жақсы өнер көрсетеді. Бірақ әзіл-сықақ театры деп, кәсіби сатира саңлақтарымен салыстырып қарауға болмайды.

 «Комедия клуб деген Ресейде де бар. Олар сатира театрларын басып озып, шынымен де рухтас болып жатады. Заман талабы, бәлкім. Осы бір өтпелі кезеңнен өту керек шығар бізге де. Жұрт та оны емін-еркін қабылдайды» — деп бүгінде сатира, эстрада, кино, қай сала болсын, ішіндегі ең жеңіл-желпі дүниесі халыққа тым жақын болып кеткенін атап өтті.

Сәбит Әбдіхалықов: Әрине, бес саусақ бірдей емес. Әңгімесі мен әрекеті бір-біріне сай жандар да баршылық. Тіпті кейбіреулер бір әзілді 10-15 жыл ойнап, жалғыз образбен бар ғұмырын өткізеді. Ал театр деген бөлек дүние. «Бауыржан шоуда» дайындық қызу жүретін. Түрлі жағдайды құбылтып ойнадық. Әртістің ең басты қасиеті – көру, сену, сезіну және оны халыққа шынайы жеткізу болып табылады. Құдайберген Сұлтанбаев, Мейірман Нұрекеев, Бауыржан Ибрагимов ағаларымыз керемет, сәтті образдарымен есте қалды», — дейді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close