«Қазақ аруы-2015» байқауының жеңімпазы анықталды!

5 жылдан бері өкткізіліп келе жатқан «Қазақ аруы» сұлулар байқауы да биыл өз деңгейінде өтіп жеңімпаз анықталды, қыздардың ішінен суырылып алға шыққан «Қазақ аруы-2015» «Қарағанды» облысының тумасы Қоскелова Камшат болды.
«Қазақ аруы-2015» Камшат Қоскелова қазіргі таңда Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенті.
Бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының аруы Жайна Тұратбекова ие болды, ал екінші орын Ақтөбе облысының аруы Әлия Әшім болды, үшінші орын Батыс Қазақстан облысының аруы Альбина Сәлимоваға тиесілі болды.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, ал «Қазақ аруы-2015» сұлулар байқауын толықтай 22 наурыз күні сағат: 17-40 та «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар!