Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Атышулы «Alem Band» тобында қандай өзгеріс орын алмақ?

Жалаңаштанған арулар арқылы жұрт назарын аударуды үрдіске айналдырған серілер, енді мүлдем тың бағытта жұмыс жасауды көздеп отыр, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

«Alem Band» жігіттері алғашқыда бейнебаяндарына Айжан Байзақованы түсіріп, ұпай жинаса, кейіннен Шырын Нарчаеваны шақырып танымалдылығын одан сайын арттырған еді.

«Boys band қазір көп. Егер біз бәрі сияқты тек билеп, ән айтсақ көптің бірі боп қаламыз. Сондықтан ерекшеленсек, онда осы жолмен  ерекшеленейік дедік. Ал қазір келесі бейнебаяндарымызға әндерімізді жазып жатырмыз. Продюсермен ақылдасудамыз, енді ашық образды аруларға акцент қойып жатқан жоқпыз. Қазір танымалдылық артты, адамдар біз туралы біледі. Енді өзіміздің өнерімізбен баурауға тырысамыз», — деді Alem Band.

Иә, қара пиар арқылы атаққа қол жеткізген трио, енді мүлдем басқа бағытта жұмыс жасамақ. Бүгінде отандық шоу-бизнесте төрт жылға жуық уақыт еңбек еткен boys band, бұған дейін үш жігітті ауыстырып үлгерген. Енді топ құрамына Нұрдәулет есімді жас әнші қосылды. Бұл ауысулар Alem band-тің шығармашылығына кері әсерін тигізбей қоймапты.

«Көбінесе Нұрдәулеттің би жағынан, репертуар жаттап алуына, жалпы бізді қуып жетуіне жұмыс жасадық. Бірақ қазір оның даусымен барлық ән дайын тұр. Осы көктемге қарай тыңдарманға ұсынамыз. Алдағы уақытта ән жағы, би, сахна, бейнебаян болсын барынша эксперимент жасауға тырысамыз», — деді трио.

«Ұжыммен жұмыс жасау оңай емес әрине. Біз сахнада жай ғана санымызды ұрып тұра бермейміз. Топтағы жігіттермен бірге қалыспай  билеу, бұрынғы жігіттің орнын басып ән шырқау, тыңдармандарға ұнау оның бәрі мен үшін жауапкершілік», — дейді топтың жаңа мүшесі Нұрдәулет.

Alem Band-тіктер шығармашылықтарымен қатар жеке өмірлерін де назардан тыс қалдырмақ емес. Себебі топ продюсері де келісімшартта отбасын құру туралы қатаң талап қоймапты. Тек жігіттер бойдақтықпен қоштасуға әлі әзір емес.

«Бізге үйленуге тыйым салынбайды. Егер жұмысқа кедергі келтірмесе отбасын құруға болады. Келісімшартта шаңырақ көтеруге болмайды деген сөз жоқ», — дейді серілер.

Хейтерлердің кереғар пікірлерінен көз ашпай, талай мәрте тарап кетудің алдында тұрған топ, енді екінші тынысын алып, тек алға жүруді көздеп отыр.

«Көп сүріндік, көптеген қиындықтарға да жолықтық. Тарап кете жаздап, қайта құрылған кезіміз де болды. Құдайға шүкір, жоқ боп кетпегенімізге. Енді оған барынша жол бермеуге тырысамыз», — дейді Alem Band тобы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close