Жаңалықтаржоғары

Илья Ильин даудан кейін спорттық мансабын жалғастыра ма?

Әйгілі зілтемірші, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спорттан шеттетілу мерзімі 2018 жылдың маусым айында аяқталмақ. Ол аяқталған бойда кәсіби мансабын қайта жалғастыруға ниетті деп хабарлайды Жұлдыздар Әлемі. Онымен қоса, Илья 2018 жылы өтетін Токио Олимпиадасына Қазақстанның спортшылар одағының құрамында қатыспақ.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша оны сол ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарған еді. Бұдан кейін Илья Ильин спорттық мансабын аяқтайтынын мәлім еткен еді.


Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close