InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнес

Әкесінен аумай қалған! Жазира Байырбекова кішкентай қызының қазіргі жағдайымен бөлісті

Жазира жұрттан сүйінші сұрап, қызды болғаны көптің қызығушылығын оятқан еді. Түрлі сыни пікірлерін жолдаған тыңдармандары мен оқырмандарының сауалына Байырбекова жауап берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Бастапқыда сәбилі болғанын жасырып, нәрестенің бұғанасы қатқанша ешкімге тіс жармай құпия ұстауды жөн көрген Жазира Байырбекова жақында ғана қуанышты жаңалығымен бөліскен еді. Араға көп уақыт салмай жеке парақшасында тағы бір пост жариялап, Дара қыздың қазіргі жағдайын жазды.


«Дара қатайып келеді. Гуілдейді, тырқылдап күледі анда-санда. Әкесінен аумай қалған. Үйде қайныларым, қайынсіңілім, Қазбек көкесі кезек-кезек көтеріп, қолға үйретіп алдық», — деп жазды Жазира.
Араға 22 жыл салып Ербатыровтор отбасында орын алған қуанышты жаңалыққа жұлдызды жанұяның тыңдармандары ақ тілектерін жаудырды.
«Аман болсын, Дара қыз!» «Мықты денсаулық, ата-анасымен бақытты, ғұмырлы болсын», «Керемет! Ұл баладан қыз өте нәзік келеді. Сонымен қатар, жылауық, ерке, пысық болады», — деді оқырмандары.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close