Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоумен & ТұлғаӘнші

Айдана Меденова: Артық көзден, сөзден қорғағандықтан сәбилі болғанымды жасырған едім.

“КешYou” тобының экс-солисі Айдана Меденова ана атанды. Бұл қуанышты хабарын әнші тыңдармандарына Instagram желісі арқылы жеткізді.

Айдана Меденова

Құрметтi менiң тыңдармандарым! Мен сiздермен өмiрiмнiң ең қуанышты сәтiмен бөлiскiм келедi! Ол әрине әрбiр қыз баланың армандағанындай өмiрге сәби әкелу, Ана болу бақыты. Алланың қалауыменен бiздiң отбасымызға, жанұямызға кiшкентай бүлдiршiн, тұла бойы тұңғышымыз Әмина атты қызымыз дүниеге келдi! Бiрақ бұл қуанышымды сiздермен бөлiсуге асықпаған себебiм, әр нәрсе өз уақытымен болғаны дұрыс деп шештiм. Өздерiңiз бiлесiздер қазақтың ырымыменен балаға қырық күн толмай артық көзден, сөзден қорғағандықтан қуанышты хабарымды жеткiзуге асықпадым. Сiздер менi түсiнедi деген сенiмдемiн! Бiз сiздермен әрқашанда бiргемiз дейді әнші оқырмандарына!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close