Жаңалықтар

Данияр Елеусінов: Салафит дегеннің не екенін де білмеймін

Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов өзін салафизм бағытын ұстанады деп кінәлағандарға жауап берді.

Бұл туралы танымал блогер Эльвира Ерғалинаның әлеуметтік желідегі сұхбатында айтылған.

“Салафит дегеннің не екенін де білмеймін. Құдайға шүкір өзімді ондай емес, мұсылманмын деп санаймын”, – дейді боксшы.

Бұған дейін спортшының ата-баба әруақтарына қатысты айтқан пікірі, оны осы ағымның жетегінде жүр деп айтуға себеп болған еді.

“Қазақ әркез ата-баба әруақтарын құрметтеген. Менде құрметтеймін өз ата-баба әруақтарымды. Бірақ, олардан көмек сұрап, Құдайға сыйынғандай оларға сыйынбаймын деген мағынада айттым”, – деп жауап берді Данияр.

Блогер өз кезегінде спортшының әйелінің жабық киіне бастауына да қатысты сауалды қойып өтті.

“Ол имандылықтың белгісі деп ойлаймын. Бұл менің танымыл болғаныма да қатысты емес. Мен оған үйленер кезде де танымал болдым. Әлем чемпионаттарында жеңімпаз атанып жүрген едім. Екеуміз 2014 жылдың аяғында үйлендік”, – деді чемпион.

Еске сала кетсек, Данияр Елеусінов бокстан Қазақстан құрамасының капитаны. Биылғы Рио олимпиадасында ол 69 келі салмақта сынға түсіп, чемпион атанды.

Дереккөз: baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close