ЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

«Junior Eurovision – 2019» өнер додасына қатысушы Ержан Максимге дауыс беру басталды

Жас өнерпаз «Junior Eurovision – 2019» ән байқауында Қазақстан намысын қорғауда. Отандық шоу-бизнес өкілдері қазақ баласын қолдауға тас-түйін дайын. Польшада өтетін халықаралық ән додасында дауыс беру басталды. Толығырақ Shownews.kz тілшісі материалынан оқи аласыздар.

Былтыр Ресейде өткен «Голос. Дети» телевизиялық шоуының бас жүлдесін қанжығасына байлаған Ержан Максим, биыл Польшада өтетін «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында Қазақстан намысын қорғамақ. Бұл додада  жас дарыннның оза шабуына, отандастары тілекші. Сондай-ақ, шоу-бизнес өкілдері де балақайға үлкен үміт артуда.

«Құдай қаласа, Евровидениеде де Ержан өзін жақсы көрсетеді деген ойдамыз. Сырттай бақылап отырамыз, шын жанашырмыз. Артымыздан келе жатқан бауырымыз, қазақтың туын басқа елде желбіретіп жүрген жас өнерпаз. Сондықтан әрбір қазақ отбасы Ержан  үшін жаны ашып, дауыс береді деп ойлаймын»,  — дейді «Меломен» тобының мүшесі Қайрат Мырзахан.

Аталмыш ән жарыста 19 елден келген балақайлар бақ сынасады.  Конкурстың шымылдығын Австралиядан келген өнерпаз ашса, отандасымыз 10-шы болып өнер көрсетеді. Дарын иесі «Арманыңнан қалма» атты жаңа әнімен еліміздің көк туын желбіретпек.

«Өте керемет орындаушы, дайындығы күшті. Дауыс ырғағы да керемет. Ержан үшін тақымымызды қысып отырамыз», — дейді Айқын.

«Ержан Максимнің бір қатты ұнайтыны өте сенімді.  Сахнаға шыққан кезде қобалжығанын білдіртпейді. Негізі кез келген конкурсқа қатысқан кезде үлкен елдерге барған кезде кез келген адам  қобалжиды.  Ержан сондай шарықтау кезінде жоғары нотаны алған кезде сенімділік бар», — деді «Меломен» тобының әншісі Ғабит Әбілдаев.

Сондай-ақ, отандық танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева да Ержан Максимнің өнерін құрметтеп, барынша қолдау білдіретіндерін жеткізді.

«Ержанды естиміз, қараймыз. Даусы өте мықты, керемет айтады. Өте талантты бала. Сондықтан өмірде Димаш сияқты бір шыңдарға шықса,  одан да асып кетсе деген ойдамыз. Тек сәттілік тілейміз», — дейді отбасылық блогерлер.

Халықаралық балалар ән байқауының биылғы қатысушылары Польшаның Гливице қаласында бас қосқан. Отандастарымыз 24-ші қараша күні конкурстың финалдық кешінде Ержан Максимның өнерін тамашалай алады. Естеріңізге сала кетейік, өнер иесіне дауыс беру 22- ші қарашадан басталды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close