Басты жаңалықтарЖаңалықтарЭксклюзив

Тәуекел Мүсілім мен келіншегі «Жыл тойы-2019» атағына ие болды

Отандық шоу-бизнес өкілдері өзара «Жыл тойына» лайық жұпты анықтап, бағаларын берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Биыл отандық шоу-бизнес бойдақтарының жеке өмірінде жұлдызы жанды. Әртістер өздерінің сүйіктісін тауып, шаңырақ көтерді. Көшті бастаған Луина қуанышы. Ашық аспан астында   өнер иелері мен тек жақындарының басын қосып шағын аудиторияда  дүркіретіп ерекше сәтті атап өтті.

«Өте ерекше күн. Қуанышытымын. Бізде бәрі жақсы», — дейді Луина

 Ал, 2019 да отбасын құрған Айым Сейтметованың тойында қазақылықтың исі аңқыды. Сәукеле, сыңсу, ұлттық  нақышта сәнделген мейрамхана! Қалыңдық дәстүрге сай ұзатылып құтты орнына қонды.  Талғат Итаев есімді жеке кәсіпкермен отасқан актриса қос қуанышын қатар өткізіп, келген көпшілікке ерекше әсер қалдырған еді.

«Тұрмысқа шыққан соң жұмысты қоя тұрамын. Ең бастысы мен үшін отбасы. Сондықтан, баяғыдай сахнадан жиі көрінбейтін боламын — дейді Айым Сейтметова.

Таңғалдырудан біздің танымалдар жалықпайды.  Жұбайымен он жыл бұрын отасқан Динара Сұлтан биыл  ұл қыздарының қасында ақ көйлек киіп шаңырақ көтергенін дүркіретіп  атап өтті. Сондықтан, көп балалы ана үшін  жыл тойы өзінің отбасылық қуанышы.

«Бірінші орында менің тойым тұр. Жазда 2019 жылы біз бала-шағамызбен қуанышты күнді атап өттік», — дейді Динара Сұлтан.

Биыл отандық шоу-бинестің сүрбойдақтарының бірі  Тәуекелге де тұсау салынды. Талай қыздың жүрегін жаралап арманына арналған актердің таңдауы Қарағандылық аруға түскен.  Өнер иесі  Махаббат есімді бұрымдыға сырға салып, шаңырақ көтерді. Мүсілімнің бұл қуанышын өнердегі әріптестері «Жыл тойына» лайық деп отыр.

«Тәуекел Мүсілім үйленді. Құттықтаймын. «Жыл тойына» лайық Тәуекелдің тойы», — дейді Серік Гамза-заде.

«Жыл тойы» бұл менің білуімше Тәуекелдің тойы», — деді Гүлнәз Жоланова.

Жанұя құруды жоспарлаған жұлдыздардың тізімі мұнымен шектелмек емес. Себебі, таяуда ғана Балжан Бидаштың сүйіктісі дүйім жұрт алдында ұсыныс жасаған еді. Алайда, шоу-бизнестің су жаңа күйеу баласы тойды келер жылға қалдырған.

«Той алдағы уақытқа жоспарланып отыр. Оны күйеубала шешеді», — деді Балжан Бидаш.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close