ЖаңалықтарӘнші

Төреғали Төрәлі Қайнар Алагөзовке қымбат көлік сыйлады

Әнші Төреғали Төреәлі өзінің досы, “Алло” әнінің сөзін жазған ақын Қайнар Алагөзовке қымбат маркалы көлік сыйлады. Бұл туралы “Астана” арнасындағы “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Жақында дүние есігін ашқан Қайнардың сәбиіне әнші Әлихан деп ат қойыпты. Тек мұнымен шектелмей Қайнардың ұлына Gelandewagen маркалы көлік те сыйлап отыр.

“Ұлым өскенше су жаңа көлікті өзім жүргізе тұрамын” деген ақын досы, Төреғалиға үлкен алғысын білдіріпті. Бұған дейін Қайрат Нұртас та досына Алматыдан 50 мың доллар тұратын су жаңа пәтер алып берген болатын.

stan.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close