Q-popБасты жаңалықтарЖаңалықтар

«Қадағалауымыз керек!» Онлайн оқыту Сәкен Майғазиевке неге жақпай қалды?

Қашықтықтан білім беру жүйесі бірқатар жұлдыздаға қолайсыздық туғызуда, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Ұстаз бен шәкірттің үйлерінен ұзамай-ақ веб-камералармен жүздесуі бүгінде үйреншікті құбылысқа айналды. Себебі, бірер апта бұрын еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты барлық білім мекемелері онлайн оқытуға көшкен болатын. Қашықтықтан білім беру әзілкештер үшін таптырмас тақырып болса да, ұстаздық етіп жүрген өнер өкілдері үшін бұлқалжың емес.

“Қазір демалыстың кезінде, әсіресе карантиннің кезінде, онлайн сабақтар мен онлай конференциялардан қол тимей жатыр деп айтсам да болады. Неге десеңіздер, шәкірттермен, жаңағы таулар алыстаған сайын, биіктігі байқалады деген сияқты, шәкірттеріміз алыстаған сайын онлайн жұмыс жасау сәл қиындығын туғызып жатыр. Десек те әрдайым қасынан табылу керек, қадағалауымыз керек”, — дейді Cәкен Майғазиев.

Майғазиев университет қабырғасында ұстаздық етсе, Мақсатқызының бұрымдыларыәлі де студенттер қатарында. Жоғары оқу орынында білім алатын кешьюлік қыздардың онлайн сабақтағы үлгерімі қалай?

“Ләззат екеуміз студент болғандықтан уақытымыздың басым бөлігі онлайн сабаққа кетеді. Одан кейін күніне 1 сағат вокалмен, 1 сағат бимен, 1 сағат спортпен шұғылданамыз. Былайша айтқанда енді графиктен шығып қалмау керек, бұйыртса карантин бітіп, жұмысқа кіріскен кезде сахналық костюмдерге сыйып, формадан кетіп қалмаудың амалын жасап жатырмыз”, — дейді KeshYOU тобының әншісі Балауса Ерғалина.

Шоу-бизнес сылқымдары сабақпен әуреленсе, бұл тақырыпстуденттік өмірмен қоштасқан әртістердің де талқысында. Мәселен, «Найнти Уан» бестігі білім беру жүйесінің онлайн түріне оң қабақ танытып отыр.

“Қолдаймын. Себебі, денешынықтыру сабағы да бізде онлайн өтіп жатыр. Рас айтамын. Балалар, камераның алдында осылай тұрады және осылай жаттығу жасайды. Адамзаттың ойлап тапқан керемет нәрселерінің бірі осы деп ойлаймын”, — дейді  Ninety Onе тобының әншісі Bala.

Иә, өнер өкілдерінің пікірі осындай. Телефонға телмірткен карантин мерзімі таяуда тәмамдалса, ұстаз бен шәкірттіңбілім ордасында бетпе-бет қауышатын сәті де туар деп сенейік!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close