Басты жаңалықтаржоғарыЭксклюзивҚара бет

«Кел келінім» жобасы ақыры жабылып тынды

Жастарға-жұп, енеге-келін тауып береміз деген мақсатта ашылып, арты дауға айналған «Кел келінім» жобасы жабылды.

4 маусым бойы «КТК» телеарнасынан үздіксіз көрсетіліп келген реалити-шоудың соңғы эфирі көрерменге жол тартпақ. Бұл хабарды жоба жүргізушілері қатысушылармен және  көрерменмен қоштасу сөздерінде жеткізген болатын.

Соңғы уақытта әдеп нормаларына жат қылықтар жасап, халықтың қытығына тие бастаған жастар  жобасын жабуды сұраған жұрттың қатары артқан еді. Тікелей эфирдегі төбелес, алысып-жұлысқан бойжеткендер мен көңілшек еркектердің әңгімесі көрерменді қажытқаны өтірік емес.

«Шынайы» деп айдар тағылған шоудың келесі маусымы болады деген болжам жоқ. Ертең сағат 15:00-де жобаны соңғы рет көре аласыздар.

Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Өте құаныштымын. Жастарды жолдан тайдыратын передача еді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close