Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары
Алишер Каримовтың болашақ жары бейнебаянына түсті
Ерекше стильді әншіміз — Алишер Каримов өзінің сүйіктісін елге бейнебаяны арқылы таныстырды. Жуырда ғана тұсауын кескен «Жүрегім» атты әніне түсірген бейнебаянына әншінің сүйіктісі, болашақ жары түсті. Жасы 30-дан асқан ғашық Алишердің болашақ жары Диера есімді ару. Диера — актриса әрі модель. Алишер сүйіктісінің актерлік шеберлігін клип арқылы көрсеткісі келген сынайлы. Өзінің инстаграм парақшасында да өзінен бұрын ғашығын көп жариялап жүрген Алишерге біз де өз атымыздан бақыт тілейміз!