Қазақ өнерінде жүрген жандардың шаңырағындағы шырақтары еселеніп жағылуда…

Бала-өмір шырағы деп текке айтылмаса керекті… Иә бұл ай қазақ өнерінде жүрген жандардың бірталайының шырағы еселеніп жағылды. Қуанышты жаңалықты бөлісуге құштар қазақпыз ғой.

mIdQ81b09PI

 

Танымал жандардың бірі талантты әнші, талапты продюсер Сиви Махмуди дүниеге екі ұлынан соң бір ханшайымға жарық өмір сыйлады…Қызының есімін Салиқалы,салмақты болсын деген ниетпен «Салидат» деп атапты.
Айта кететін жәйт Салидаттың кіндік анасы ҚР енбек сіңірген әртісі,елінің еркесі Мақпал Жүнісова болды…
«Мен үшін ол өте үлкен бақыт,және абырой.Аллаға шүкір»- дейді Сиви ханым…Иә расында да бұл үлкен қуаныш…
Және «Тарту» тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаевтың шәкірті жас әншілердің бірі Райым Уайыс алғаш рет әке атанды… Ұлының есімін Райымның анасы «Хамза» деп атапты…Ол араб тілінен аударғанда «Арыстан» деген сөз…
«Мюзикола» тобының мүшесі талантты әнші Карина Абдулинада дүниеге «Альберт» есімді ұл әкелді.
Сонымен қазақ айтысының тарланы,арланы Балғынбек Имаштың шаңырағына бес ұлдан кейін жеңешеміз қыз бала сыйлады. Ханшайымның есімін ағамыз «Салиха» деп қоюды жөн көріпті…Байқасаңыздар «Салидат» «Хамза» «Салиха» бәріде әдемі есімдер және мағыналары керемет…
Құрметті ана-әке атанған ханымдар мен мырзалар дүйім жұрт, қазақ елі сіздердің қуаныштарыңызға ортақ… Ұл-қыздарыңыз ғұмырлы болсын! Елін сыйлайтын, елі құрметтейтін өздерініз сияқты азамат,азаматша болып өсуіне тілектеспіз…

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close