Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыТелерадио

«Жайдарман» туған күніне шақырады!

2016 жылы 18 маусым күні сағат 19.00-де Қазақстан Республикалық Білім және ғылым министрлігі қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ еліміздің танымал жайдарман топтары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Астана қаласы күніне және Қазақстан КВН одағының құрылу күніне орай дәстүрлі «Туған күн 2016» республикалық арнайы жобасын ұйымдастырады.

Ойын мақсаты — кешегі, бүгінгі, ертеңгі күннің жайдарман топтарын бір арнаға тоғыстыру.

Фестивальдың тақырыбы: «Кеше. Бүгін. Ертең».

Арнайы жобада барлығы 12 команда ойнайды:

Номад құрамасы — Қазақтың спорт және туризм академиясы, Алматы қаласы
Грант — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы
Тұран-Астана — «Тұран-Астана» университеті, Астана қаласы
ҚЖУ құрамасы — Қазақ қатынас жолдары университеті, Алматы қаласы
ҚазИИТУ құрамасы — Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, Орал қаласы
Фемида — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы
Байдың балалары- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы
Аягөз құрамасы — Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы
Сағыз құрамасы — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
Демеушіміз Болашақ — Астана қаласы
Альянс — Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей қаласы
Күлтегін — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы
Әділ қазылар алқасымен жеңімпаздар анықталып, көлемді сыйақылалар табысталады. Қазылар құрамы — мәдениет және қоғам қайраткерлері және эстрада-кино жұлдыздары.

«Туған күн 2016» республикалық арнайы жобасы Астана қаласы, «Конгресс Холл» сарайында өтеді.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close