Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Маусым айында Қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін фильмдер!

«Жұлдыздар әлемі» порталы оқырман назарына маусым айында көрсетілетін фильмдерді ұсынады:

«Енді сіз мені көріп тұрсыз-2» фильмі.

Елі: АҚШ

Жанр: Комедия, триллер, боевик

Басты рөлдерде: Дэниэл Рэдклифф , Дэйв Франко , Джесси Айзенберг , Морган Фриман , Марк Руффало ,Вуди Харрельсон , Майкл Кейн , Лиззи Каплан

Режиссер: Джон. М. Чу

Сипаттамасы: Әлемнің үздік төрт иллюзионисті бұл жолы өз абыройын сақтап қалу үшін күреседі. Ол үшін қатал техмагнаттың жасырын әрекеттерін әшкерелеу керек…

Жасөспірім мутант ниндзя тасбақалар: Жерастынан шығу

Елі: АҚШ

Жанр: Комедия , Фэнтези , Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы

Басты рөлдерде: Меган Фокс , Лора Линни , Тони Шэлуб , Брайан Ти , Уилл Арнетт , Брэд Гэррет , Алан Ричсон ,Ноэль Фишер , Джереми Ховард , Стивен Амелл , Алессандра Амброзио , Джудит Хоаг

Режиссер: Дэйв Грин

Нинздя-тасбақалар адамдардан жасырынып, қаланың кәріз жүйесінде жасырынып жүрді. Алайда Нью-Йоркқа төнген қауіппен күресу үшін жер үстіне шығып, Шредер бастаған жауыздармен шайқасты. Сөйтіп Леонардо, Микеланджело, Рафаэль мен Донателло бұл өмірдегі міндеттерін түсініп, қаланың қорғаушыларына айналады. Бірақ жаңадан пайда болған қатер оларды жер бетіне қайтадан көтерілуіне мәжбүрлейді.

Қаржы Моностры

Елі: АҚШ

Жанр: Драма, триллер

Басты рөлдерде: Кристофер Денэм , Джордж Клуни , Катрина Балф , Джанкарло Эспозито , Доминик Уэст ,Джулия Робертс , Джек О’Коннелл

Режиссер: Джоди Фостер

Сипаттамасы: Танымал тележүргізуші Ли Гейтс өзінің қаржыға қатысты кеңестерінің арқасында Уолл-Стриттің кемеңгеріне айналған. Шоу көрермендерінің бірі бір сәтсіз ақылына жүгініп, бар байлығынан айырылады. Енді ол кек алмақшы.

Аңшылық маусымы: Қорқақ неме

Елі: АҚШ

Режиссер: Дэвид Фейсс

Жанр: Комедия, отбасылық, мультфильм

Басты рөлдерде: Мишель Мурдокка , Фрэнк Уэлкер , Мэттью В. Тейлор , Мелисса Штурм , Уилльям Таунсенд ,Тревор Дивэлл , Гари Чок , Брайан Драммонд ,Кэтлин Барр , Шеннон Чан-Кент , Питер Келамис

Сипаттамасы: Қасқыр-адам туралы оқиғаны түнде естіп алғаннан кейін, гризлиден ес кетеді. Ол енді бәрінен қорқатын жасық аюға айналады. Оның үрейін аластау үшін, Элиот бастаған достары Қараңғы орманға үлкен сапар ұйымдастырады.

Ұйқыдағы аурудың қарғысы

Елі: АҚШ

Жанр: Триллер, детектив

Режиссер: Тео Пирри

Басты рөлдерде: Натали Холл , Индиа Айсли , Итан Пек , Брюс Дэвисон , Джеймс Лим , Скотт Алан Смит , Зак Уорд , Мим Дрю , Даллас Харт

Сипаттамасы: Томас Кайзер ұрпақтан ұрпаққа мұраға беріліп келе жатқан жерге иелік етіп қалады. Алайда үймен бірге ежелгі қарғысқа мұрагер болып қалғанын ол білмеген еді. Енді иеліктегі зұлым күштің сыртқа шығып кетпеуі — Томастың мойнында. Үйдің құпиясын ашу үшін Томас өз түсінде көрген ұйқыдағы аруды тауып, босатуы керек.

Фильмдер жайында ақпарат kinostan.kz сайтынан алынды!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close