Жаңалықтар

Сүйіктісіне ұсыныс жасаған Артур Төлепов үйленуден бас тартты

Осыдан 3 күн бұрын желі қолданушылары отандық шоу-бизнестегі сұрбойдақтар санының кемігеніне куә болған еді. Мына суретте көріп тұрғандарыңыздай Артур Төлепов сүйіктісіне ұсыныс жасап, сақинасын да сыйлаған-ды. Алайда, актер тойды күткен қауымның қуанышын су сепкендей басты деп хабарлайды Nur.kz

«Бұл интернет желісінде жүрген белгілі бір бағдарламаға арналған сюжет болатын. Барлығы ойлап қалған екен, Артур үйленіп жатыр деп. Бұл интернеттің күші, бұл жалған ақпарат», — дейді актер әрі әнші Артур Төлепов.

Артур желіде тараған ақпараттың жалған екенін жеткізсе, Аян Бірбаев Төлеповтер жанұясындағы құпияның құлпын ашты. Ринголық әншінің сөзіне сенсек, ағасынан бұрын, бірінші інісі шаңырақ көтеретін тәрізді.

«Асылхан жайлы естідім де, Артур жайлы естімеппін. Жаңа ғана кіреберісте таныс адаммен Астанадан хабарласып едім телефонмен, сол айтты Артур да үйленейін деп жатыр екен ғой деп. Мен айтам «Сен шатастырып тұрсың — ол Артур емес, Асылхан деп», — деген Аян Бірбаев Асылханның құпиясын ашып қойды.

Аянның айтқанын ақиқатқа балауға болатын сияқты. Биыл Төлеповтердің отбасында той болса, таң қалмаңыз.

«Егер үйленгің келсе, өзіңнің сүйіктің болса, үйлене бер деген. Тапқан кезде күтпе мені деп. Бірақ, енді әзірге сөзге келдік. Бәрі жақсы! Бірақ енді бұйырғаны болады. Кім бірінші шаңырақ көтереді — бізде қарсылық жоқ!», — деді ол.

Алайда, Артур жеке өміріндегі жаңалықтардан гөрі, бүгінде шығармашылығын шыңдауды жөн деп шешкен. Күні кеше шоу-бизнестің басын қосып, су жаңа бейнебаянының тұсауын кескен Төлеповтің әні арқылы айтары бар.

«Асықтым! Кімге асықтым? Әрине, өзімнің екінші жартымды, өмірлік жарымды табуға асығыс танытқан түрім бар. Жасым 26-да, енді үйдегілер айтып жатыр. Өзімнің осыдан 4-5 жыл бұрын әзілдегенім бар еді, Эксподан кейін үйленемін деп… Сол Экспо да жақындап қалған екен», — деді Артур.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close