Маржан Арапбаева тойда тапанша ұстап ән айтты
Белгілі әнші басынан өткен қызық оқиғасымен бөлісті.
Той кезінде түрлі оқиғаларға тап болатын әнші бұндай қауіпті ән орындаудың бірінші рет болғанын айтады.
Ән айтып тұрған кезде той қонақтарының бірі әншінің алдына келіп кетпей қойған. Суретке түсуге келді ме екен деп ойласа, әлгі егде кісі билеуге келген екен. Бір кезде костьюмінің қалтасынан бір ауыр затты алып
Арапбаеваға ұстата салған. Қолына қараған әнші әлгі заттың тапанша екенін көріп қатты шошиды. Ойыншық тапанша шығар деп өзін сендіргенімен, заттың салмағы мен шынайылығы күдік тудырады. «Мен онымен не істеуім керек екенін түсінбедім, біреуді атуым керек па? » деп әнші қорқынышпен еске алады. Иесі затын алғанша Маржан әнін айтып тұра берген.