ЖаңалықтарӘнші

Дана Кентай: Қоңырбаевпен құшақтасу оңай болмады

Күні кеше Арман Қоңырбаевтың өзін актерлік қырынан сынап көргені туралы жазған болатынбыз. Ол досының ұсынысын жерге тастамай бейнебаянға түсуге келісім береді. Алайда бейнебаяндағы рөлі өзіне ғана емес, сүйіктісіне де, әріптесіне де қиындық тудырған секілді. Бұл туралы “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

Қазақ эстрадасына жарқ етіп жаңа жұлдыз келді. Ол жұлдыздың есімі Дана. Әзірге бойжеткен туралы көп ақпарат жоқ. Өйткені ол шоу-бизнес әлеміне енді ғана қадам басып келеді. Жас екеніне қарамастан, әнші өзіне барынша сенімді.

Халыққа ұсынғалы отырған “Жанымда болшы” бейнебаяны махаббат лирикасын жырлайды. Аталған бейнебаянда басты рөлдердің бірін Арман Қоңырбаев сомдайды.

Бастапқыда құшақтасу жайлы сөз қозғалмаған екен. Осының салдарынан түсірілім алаңында қиындықтар туындаған. Бұл туралы “Продюсерден өзім де не себепті Арман Қоңырбаевты таңдағанын сұрадым. Ол отбасылы адам ғой. Отбасылы адамға сезіміңді білдіруде қиын екен”, – дейді Дана.

Аша Матай түсірілім алаңына күйеуін жалғыз жіберместен бірге барған екен. Тіпті бастапқыда жұбайының әлі жұлдызы жанбаған әншінің бейнебаянына түсуіне қарсы болған. Ал Арман өз кезегінде отбасылы азамат екенін, сүйіктісі бар да, бөтен қызды құшақтаудың қиын екенін айтты.

Қазақ эстардасында жұп болып өнер көрсетіп жүрген ғашықтар көп. Алайда Арман Аша екеуінің өмірінде қызғанышқа орын болмайтындығын, араларында тек қана адалдық болатынын айтады.

stan.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Мен оз пикиримди айтатын болсам негизи прадюсер баска азаматты тандауы керек еди себеби Аша Матай мен Арманды кызганбаймын десе де ол айел оз азаматынын баска кызды кушактап турганын кору ар айелге ауыр соккы болып тиеди. Прадюсер бойдак азаматты тандауы керек еди.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close