Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

«Eurovision» байқауындағы Украинаның жеңісі қайта қаралмайды

Еуропалық хабар тарату одағы “Eurovision-2016″ байқауының дауыс беру қорытындысын қайта қарамайтынын мәлімдеді.

Ұйымдастырушылар мұндай мәлімдемені Ереван тұрғыны Артур Ованесянның Change.org сайтындағы Eurovision-2016 байқауының дауыс беру нәтижесін қайта қарастыруды талап еткен онлайн петициясы 300 мыңнан астам дауыс жинаған соң жасады.

Петиция көптеген ресейлік ақпарат құралы мен әлеуметтік желілердегі талқылау тақырыбына айналды. Петиция мәтіні нақты бір шешімді қабылдауға үгіттемейді. Change.org сайтында жарияланатын өтініштердің заңды күші жоқ. Еуропалық хабар таратушылар одағы мұндай үндеулерге жауап беруге міндетті де емес болатын.

Биылдан бастап «Eurovision» дауыс санау жүйесін өзгертті, интерактивті көрермен дауыс беруіне кәсіби әділқазылардың бағалауы қосылды. Ресейдің атынан қатысқан Сергей Лазарев үшінші орын алды. Көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша әнші бәрінен көп ұпай жинады, алайда әділқазылар алқасы әншіні тек бесінші орынға қойды.

Дереккөз: centralasian.org

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close