ЖаңалықтарӘнші

«Меломен» тобы: Жігер топтан белгілі бір себептен кетті деп айта алмаймыз

«Меломен» тобына Баянның танымалдылығына жету алыс шығар. Алайда, топтың өнеріне бас иетін фанаттары да жоқ емес. Тыңдаушыларының көбі оларды соңғы уақытта не концерттен, не тойдан көре алмапты. Бұл туралы «31» арнадағы «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасы хабарлайды.

Кейбірі ол топ мүлдем тарап кетті ме деп те топшылаған-ды. Біз нақтысын жігіттердің өз ауыздарынан естуді шештік.

Тек топтағы бойы ұзын, өзіндік дауысымен ерекшеленетін Жігер Ауытпаев топтан кетіп жақтан көрінеді.

«Меломен» тобы:

— Оның кетемін дегеніне 4 ай болды. Оның кетпеуіне ат салыстық.

8 жыл бойы топтың ыстығына бірге күйіп, суығына бірге тоңған Жігердің ешқандай себепсіз қолын бір сілтегені  өзге жігіттердің ашуын туғызады екен.

«Меломен» тобы:   

— Еңбекті құрдан-құр тастап кететін ешқандай себеп көріп тұрған жоқпыз.

Ал, көпшіліктің пікірінше топтан кеткен әнші бүгінде дінге бет бұрып, Мекке Мәдинада кіші қажылығын өтеуде екен. Ал, аз уақыттың ішінде қыздардың жүрегін баураған «Меломен» тобы болса, бір орында тоқтамай әрі қарай жұмыстарын жалғастыруды көздеп отыр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close