Басты жаңалықтарЖаңалықтар

«BI Жұлдызай 2016» фестивалінің бірінші іріктеу кезеңі өтті!

«BI Жұлдызай 2016» мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылығы XI Республикалық фестивалінің бірінші іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды baq.kz

Еліміздің өнері мен мәдениетінің құрметті қызметкерлері қатарға қосылған әділқазылар ұжымы Қазақстанның 15 ірі қаласында болып, фестивальге қатысушылардың өнерін бағалап қайтты. Биылғы жылы қатысуға түскен өтініштің саны 8000-нан астам, жыл санап бұл көрсеткіш өсіп келеді.

Әділқазылар алқасы жергілікті іріктеу кезеңін өткізудегі ілімберу басқармасының даярлық деңгейін өте жоғары деп бағалап отыр. Іріктеу кезеңінде қатысушылар өз дарындарын 6 номинацияда көрсетті, санамалап берсек, олар: ән, ым-ишарат және аспаппен музыка орындау, би, бейнелеу және әсемдік-қолданбалы өнер. Сахналар LED экранмен жабдықталған, әр көрініс тамаша бейнебаянмен сүйемелденді. БАҚ шараға қатысып қатысушылар үшін маңызын өте жоғары деңгейге көтерді, әр қалада концерттен соң фестивальге қатысушы оқытушы мен тәлімгерлер үшін шеберлік сыныбы өткізілді.
Бейнелеу және әсемдік-қолданбалы өнер номинациясының нәтижесін ЮНЕСКО клубы «Балалар көркемөнер мектебінің» сарапшылары бағалады. 31 мамыр Тұңғыш Президент музейінің алаңында бейнелеу және әсемдік-қолданбалы өнер номинациясының биылғы жылғы жеңімпаздары жұмысының көрмесі ұйымдастырылады.

Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz

«BІ-Жұлдызай 2016» фестивалінің іріктеу кезеңіне қатысқандардың барлығы диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады. Екінші кезең «Балдәурен» (Бурабай шипажайы) Республикалық оқу-сауықтыру орталығында (РОСО) өтеді.

Балалар шығармашылығының Республикалық фестивалі дәстүр бойынша балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып «Қазақстан» Орталық концерт залында гала-концертпен аяқталады.

5 сәуірде бір мезгілде Фестивальдің іріктеу кезеңі Қазақстанның 2 қаласы: Өскемен және Талдықорғанда 5 сәуірде бастау алғанын еске түсіре кеткіміз келеді.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close