ЖаңалықтарКино & Театр

«Келін» телехикаясының жалғасын «Астана» арнасы көрсетеді

Көпшіліктің көзайымына айналған «Келін» телехикаясы 24 ақпан күні «Қазақстан» Ұлттық арнасында аяқталады. Ал сериалдың жаңа маусымын «Астана» арнасы көрсетпек, бұл туралы арнаның инстаграм желісіндегі парақшасы хабарлайды.

«Астана» телеарнасы «Келін» телехикаясының жаңа маусымын көрсетеді.

Бір әулеттің ғана емес бүкіл қыстақтың тұрмыс-тіршілігіне ықпалын жүргізе алатын, адуынды ене – Кальянидің билігі тоқтағаннан кейінгі өмір қалай жалғасады? Ескі мен жаңаның текетіресі, үлкен мен кішінің қарым-қатынасы, қуаныш пен қайғының, бар мен жоқтың бәсекесі, қысқасы бәрі-бәрі «Астана» телеарнасында көрсетілетін болады!

27 ақпаннан бастап «Астана» арнасынан «Келін» телехикаясының жалғасын көріңіздер!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close