Жаңалықтар

Әлия Мергенбаева «Әлем аруы-2016» конкурсынан шығып қалды

Қазақстандық Әлия Мергенбаева «Әлем аруы-2016» конкурсынан шығып қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзінің парақшасына жазылушыларға ол «Әлем аруы» конкурсының кезеңдері қалай өтіп жатқанын жазып, болып жатқан шаралар өзіне ұнағанын атап өтті. Оқырмандардың кезеңнен өте алдыңыз ба деген сұрағына, Әлия жоқ деп жауап қатты. «Өкінішке қарай, мен өте алмадым», — деп жазыпты Мергенбаева.


«Әлем аруы-2016» конкурсының финалы 18 желтоқсанда өтеді. 25 қарашада өз елінің сұлулары атанған қыздар АҚШ астанасы Вашингтонда жиналды. Ол жерде арулар конкурсқа барынша дайындалып, қайырымдылық шаралары мен фотосессияларға, спорттық және әлеуметтік шараларға қатысып жүр. Биыл жеңімпазға «Әлем аруының» тәжін испаниялық Мирея Лалагуна кигізетін болады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close