Басты жаңалықтарЖаңалықтарПродюсер

Баян Есентаева енді жігіттерге продюсер!

Қазақстандық продюсер Баян Есентаева жігіттерден құралған ән тобына продюсер болуға бел буды. Топ мүшесінің фотосын өз Instagram парақшасына жария еткен Есентаева жаңа бойз-бэндті құратынын мәлімдеді.

“Мына жап-жақсы жігіт кім? Қыздар, жақында сендерге жаңа Boyband-тің барлық мүшелерін таныстыратын боламын!!! Ал, әзірге таныс болып қойыңдар, жас, сымбатты, дарынды @erzhan_muhataev”, – деп жазған Есентаева.

Топтың қалған мүшелері әзірге құпия сақталуда. Ал жазылушылар болса, қазірден болжамдарын жасап үлгерген.

Screenshot_6

Айта кетерлігі, Есентаева бойз-бэндті құру бастамасын алғаш рет қолға алуда. Продюсердің бүгінде екі арулардан құралған танымал тобы бар – “КешYou” және Lashyn.

Дереккөз: NUR.KZ

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close