Жаңалықтаржоғары

«Екі Жазира Тұрғынова бар: бірі “Qazaqstan” көрсеткен; бірі Қазақстан көрген»

Күні кеше ғана жастар жылының ашылуында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеген Жазира Тұрғынова әлеуметтік желіде қыз талқыға түсті.

Бұл туралы «Жұлдыздар Әлемі» порталы хабарлайды.

Көпшілік қауым Түркістан облысының тұрғыны, 7 баланың анасы Жазира Тұрғынованың жағдайы төмен деп болжауда.

6 күн бұрын 7 баланың анасы Қазақпарат басылымына:


«Өзім болсам жеті баланы қарап, үйде отырмын. Себебі, олардың тамағы, мектепке баратыны бар. Қазірдің өзінде 4-еуі мектепке барады. Оларды апарып, алып келу керек дегендей. Үш перзентім әлі кішкентай. Күнделікті тамақ пен киім-кешектеріне қаражатымыз жетпей қалып жатады. Кейде қарыз болып қаламыз.  Күйеуімнің күнделікті тапқан азын-аулақ ақшасын жеткізуге тырысамын. Ара-арасында туыстарымыз бен көршілеріміз қарасып тұрады. Балаларым тамақты тойып ішпесе де амалдауға мәжбүрміз. Енді кішкентайым бір жасқа толса, ондай жағдайымыз қалай болатынын білмедім. Себебі оған төленетін жәрдемақы қазір жанұямыздың негізгі қаражаты», — деп сұхбат берген болатын.

Ал белгілі тележүргізуші Алмас Алтай Facebook желісіне «Екі Жазира Тұрғынова бар: бірі “Qazaqstan” көрсеткен; бірі Қазақстан көрген», — деп жазба қалдырған.

Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close