ЖаңалықтарКино & Театр

Қазақстандық режиссер Д.Төлегеновтің фильмі халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды

Қазақстандық режиссер Дархан Төлегеновтің «Таңғы шапағат нұры» фильмі Қырғызстанда өткен халықаралық кинофестивальде бас жүлдеге ие болды. Бұл туралы қырғыздың Кабар ақпарат агенттігі хабарлады.

421B15BD-50DD-4856-9935-B8975A053430_cx2_cy9_cw98_w600_r1Осымен 5-ші мәрте өткізілген «Қырғызстан — қысқаметражды фильмдер елі» халықаралық  кинофестивалінің қорытындысында  аталған фильмде басты рөлді сомдаған Ерболат Атабай да төрешілердің шешімімен арнайы марапатқа ие болды.  Кинофестиваль жеңімпаздарына ақшалай және естелік жүлделер табыс етілді. Айта кетерлігі, мерейтойлық кинофестиваль желтоқсанның 12-15-сі күндері «Манас» кинотеатрында өткен болатын. Кинофестиваль халықаралық және ұлттық конкурс негізінде өткізілді. Бірінші байқауға 13, ал екіншісіне — 9 фильм ұсынылған.

inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close