ЖаңалықтарПродюсерТелерадио

«Жанды дауыс» бағдарламасы — тың жоба!

«Хабар» арнасының жаңа маусымға әзірлеген тың жобаларының бірі – «Жанды дауыс» бағдарламасы. «Жанды дауыс» шын таланттыларға, нағыз алтын дауысқа ие өнер өрендеріне таңдау жасайды. Сайысқа 60-қа жуық адам қатысып, жанды дауыста ән салады.

Кім жеңімпаз атанады? Оны анықтайтын әділ-қазылар. Яғни тәлімгерлер қатарында Айқын, Кентал, Серік Ибрагимов, Жанар Дұғалова, Луина, Ерке Есмахан, Санда, Дастан Оразбеков, Ерболат Беделхан сияқты бірнеше өнер иелері бар. Олар қатысушыларға бағасын беріп, төрелігін айтатын болады.

Білікті продюсер Баян Есентаеваның жетекшілік етуімен қолға алынған аталмыш бағдарламаны қыркүйек айында «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар!

khabar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close