Жаңалықтаржоғары

Ләйлә Сұлтанқызы: Алтынайға деген құрметім төмендеген емес

Авторлық бағдарламасына Алтынай Жорабаеваны шақырып, «жеке өміріне қол сұқты» деп айыпталып, соңында басы дауға іліккен Ләйлә Сұлтанқызының қылығы  Қазнетті шулатқан еді. Біраз уақыт бұрын ғана әнші Алтынай Жорабаеваның Ләйлә Сұлтанқызының авторлық бағдарламасына ренжігені жайлы, сол сәтте ата-анасы мен бауырларының көзінше еңіреп тұрып жылағанын, мәселенің неден, қалай туындағанын жариялаған болатынбыз.

Бірақ журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұл туралы осыған дейін ресми жауап бермеген болатын. Жақында ғана екінші кітабының тұсауын кескен Сұлтанқызы nur.kz  сайтына берген сұхбатында алғаш рет пікір білдірді деп хабарлайды Жұлдыздар Әлемі.

Ләйлә ханым, сізді еліміздегі ең танымал тележүргізуші ретінде білеміз. Танымал тұлғаларға қатысты алып-қашпа әңгімелердің де жүретіні бар. Оған дәлел — Алтынай Жорабаева және Айгүл Орынбектің сізге қатысты айтқан пікірлері. Бұл мәселеге қатысты сіз БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, әлеуметтік желіге пост жазбадыңыз. Жалпы, осы оқиғалардың қаншалықты рас-өтірігін өзіңіз айтып бере аласыз ба?

— Иә, неше түрлі пікірлердің болғаны рас. Бірақ мен мінезім мен тәрбиемнен болар, көп жағдайда сабыр сақтап, қызып тұрған отқа май құюдан аулақпын. Алтынаймен арадағы нәрсені түсініспеушілік деген бір-ақ сөзбен қорытындылағым келеді. Екеуміз жиырма жылдан бері таныспыз. Алтынайға деген құрметім жоғары, оның өнерін де, өзін де ерекше сыйлайтын адамдардың бірімін. Сол кезде Алтынайдың жаман ойы болмағанын білемін. Мүмкін, эмоция күш алып, басым болған шығар. Көрген жерде сәлеміміз түзу. Бұл мәселе туралы екеуміздің міндетті түрде сөйлесіп, мәмілеге келетініміз анық. Ал блогер Айгүл Орынбекке қатысты айтар болсам, оны өмірімде бір-ақ рет, бағдарлама барысында көргенмін. Айнұр Махметова есімді заңгердің айтуымен сарапшы ретінде эфирге шақырғанбыз.

Айгүлді қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп жүрген блогер ретінде сыйлаймын. Ал сол кездегі кикілжіңге келер болсақ, телевизия саласындағылар бағдарламаны дайындап шығару үшін біраз адамның тер төгетінін біледі. Атап айтар болсақ, эфирге шығу үшін жүргізушіден бөлек әкімші, продюсер, бағдарлама редакторы, жобаның жетекшісі еңбек етеді. Ал мен жүргізуші ретінде соңғы нүктесін қоятынмын. Айгүл ханымның айтып отырғаны — ұйымдастырудағы қателер, бұл мәселені жоба жетекшісі, продюсермен шеше беруге болатын еді. Мен өз тарапымнан эфирде оның игілікті істерге себепші болып жүргенін айтып, төбеме көтердім. Соңғы кезде Айгүлдің жазбаларынан мен туралы жаман ойда еместігін байқадым.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close