Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

«Даунтон шіркеуі» халықаралық Эмми жүлдесіне ие болды

24 қараша күні Нью-Йорктағы фестивальде  кино жұлдыздары мен кинофильмдердің бірақатары марапатталды.

"Даунтон шіркеуінің" сценарий авторы Лорд Филлоуз "Эмми" жүлдесімен
«Даунтон шіркеуінің» сценарий авторы Лорд Филлоуз «Эмми» жүлдесімен

Астана арнасынан көрсетіліп жатқан 6 маусымдық «Даунтон шәркеуі» телехикаясының авторы Нью-Йорктағы іс шарада халықаралық «Эмми» жүлдесіне ие болды. Лорд Филлоус үздік сценарист ретінде танылып, телехикаядығы басты кейіпкерлердің бірі Элизабет МакГоверн де марапатталды. «Даунтон шіркеуінің» соңғы бөлімі 25 желтоқсан күні көрсетілетіні белгілі болды.

Марапаттау кешінде Франция алда болды. Бесінші мемлекеттің қоржынында 3 жүлде бар. Оның бірі – ең үздік драма телехикаясы. Бұл жүлдені BBC арнасы көрсеткен триллердің бесінші бөлімі иемденді. Атқарушы продюсер Анна Ландуа бұл жүлдені Францияда орын алған терракт құрбандарына арнайтынын айтты. Телехикаяның бас кейіпкері  Каролин Прост «Мен бұл жүлдені шарасыздық пен өшпенділіктің құрбандарына арнағым келеді. Келешекте Франция мен бүкіл әлемде махаббат пен адамгершіліктің жеңіске жететініне сенемін!» деді.

Француз Ұлттық Мұражайының директоры Жак Жожард туралы «Луврды құтқарған адам» атты кинофильмі ең үздік бағдарламалау марапатын жеңсе, Үнді-Қытай соғысында дұшпанға айналған ескі достар туралы «Ақ жауынгер» кинофильмі үздік шағын телесериал номинациясын жеңді.

Сонымен қатар Бразилия киноиндустриясының өнімі «Империя» (Empire) телехикаясы үздік теленовелла, «Сүйкімді ана» (Doce de Mae) кинофильмі үздік комедия жүлдесін иемденді.

Michael+Urie+Maarten+Heijmans+43rd+International+Wf8zDLNgl71l

Үздік актер ретінде неміс әншісі Рэмзи Шэффи туралы фильмнің бас ойыншысы голландиялық Мартин Хейджман таңылды. Үздік актрисаны норвегиялық Аннек Вон Дер Липп полиция қызметкері ролі үшін жеңіп алды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close