СұхбаттарӘнші

Индира Еділбаева: Анам аудармашы болғанымды қалады

Анам менің аудармашы болғанымда қалады. Сол себепті де өмірімді ағылшын тілімен байланыстырды. Алайда, мен әнді таңдадым — дейді «Қазақстан дауысы» жобасының финалына жеткен үздік төрттіктің бірі Индира Еділбаева.

Индира Еділбаева — «Қазақстан даусы» жобасында Мәдина Сәдуақасова тобындағы үздіктің бірі. Ол бағдарламаға келгенге дейін вокалды-инструменталды ансамбльде жұмыс істеген.

Атырауда дүниеге келген. Жеті жасқа дейін Ақтау қаласында, кейін Ақтөбеде тұрған. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін ағылшын және неміс тілі мамандығы бойынша тәмамдаған. Өмірлік ұстанымы: «Қандай жағдай болсын, өзіңе сен».

Индира — отбасындағы жалғыз бала. 13 жасқа қарағанда әкесі қайтыс болған. Сол себепті оның ойынша, анасы — әкенің, ағаның, әпкенің орнын басқан ең жақын жан, әрі дос.

«Анам — мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Менің ағылшын тілі мен шетел әндеріне деген қызығушылығымды ашқан да анам. Бес жаста болған кезімде анам Mariah Carey-дің әндерін магнитафонда ойнататын. Біз сол әншінің әндерін тыңдай жүріп, қосыла айтатынбыз, үй жинайтынбыз»,-дейді әнші.

«Барлық жанрдағы әндерді тыңдай беремін. Оның арасында қазақтың халық әндері де, тіпті рок жанрындағы әндер де бар».

Егер әнші болмасаң, кім болар едің деген сауалға Индира: «Шетелдік компаниялардың бірінде мамандығым бойынша, ағылшын тілінен аудармашы болып қызмет етер едім. Анам менің аудармашы болғанымда қалады. Сол себепті де өмірімді ағылшын тілімен байланыстырды. Алайда, мен әнді таңдадым»,-дейді.

kazinform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close