Басты жаңалықтар

Димаш Құдайберген бейнебаян түсіру үшін Испанияға аттанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Испанияға «Любовь уставших лебедей» әніне бейнебаян түсіру үшін аттанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтемесіне жасап.

«Испанияға ұшып бара жатырмын, «Любовь уставших лебедей» бейнебаянын түсіру үшін», — деп жазды Димаш Құдайберген парақшасында.


Айта кетейік, «Любовь уставших лебедей» әнінің авторы — композитор Игорь Крутой. Ол қазақстандық әншінің Ресейде жетістікке жететінін болжаған. Димаш Құдайберген композитормен бірге бірнеше рет ән шырқаған. Бұл әнді бірінші болып канадалық әнші Лара Фабиан айтқан.

«Игорь Крутойдың шақыруын қуанышпен қарсы аламын, бұл мен үшін құрмет. Сіздер «Песня года» концертін ауқымды екенін білесіздер, ол Олимпийскийде өтеді. Оған қоса Игорь Крутойдың сүйемелдеуінде ән шырқау деген… Мен ол концертке қатысуды ұйғардым», — деді Димаш Құдайберген.

Қазіргі уақытта әнші The World’s Best шоуында ( CBS телеарнасында өтетін байқау) төрешілерді ән шырқауымен таңғалдырған. Әнші 100-ден 98 ұпай жинады. Наурызда әнші Кремльде концерт өткізеді. Ал жазда ол Астана қаласының тұрғындарының алдында ән шырқайды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Загрузка…
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close