Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Танымал тележүргізуші Ақтөбе облысының драма театрына басшы болып тағайындалды

Танымал тележүргізуші әрі актер, «Хабар» арнасының қызметкері Нұрхан Кәдірбаев Ақтөбе облыстық драма театрының директоры болып тағайындалды.

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген Нұрхан Кәдірбаев Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі, деп жазады Тілші. 

Әр жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер академиялық театрында қызметтер атқарған.

Айта кетейік, драма театрына осыған дейін жетекшілік етіп келген Нұрлыбек Жұбатқан таяуда өз еркімен қызметтен кеткен болатын.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close