ЖаңалықтарПродюсерШоу бизнес

«Таза бренд!» Қайрат Нұртастың анасы қайдан киінетінін айтты

Отандық шоу-бизнес сәнқойлары арасында батл басталды. Арнайы сауалнамаға қатысқан танымалдар қымбат киімінің бағасын айтса, енді бірі трендтегі брендтерді тізбектеп берді, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Ал жұрт алдына жарқырап шығатын жұлдыздар қайдан киінеді? Олардың гардеробындағы образдарының құны қанша?

«Мен қанша жұмсайтынымды айтпай-ақ қояйын. Өйткені, мен өзім де білмеймін. Кететіні кетеді енді. Бір зат ұнаса аламын. Өте қымбат болып тұрса, жалпы өзіме қатты ұнап жатса бағасына қарамастан  ала беремін», — дейді Мәдина.

Сәдуақасова сәнді киіну жолында соңғы тиынын санап беруге дайын.  Мәселен,  Мәдинаның кез-келген көйлегі де арзан емес.

«Бұл италияндық біздің моделеріміздің еңбегі. Бір қарапайымдылау киінейін дегенмін негізі.  Бірақ, енді бұл костюм тұрып қалмасын, қазір маусым да кетіп бара жатыр деген ой ғой. Сондықтан, мына гучиді киіп келдім», — дейді Сәдуақасова.  

Қымбат  тауарларды тұтынатын танымалдардың тізімінде Қайрат Нұртастың анасы да бар. Гүлзира ханымның  талғамы жастардан кем емес, таңдауы шетелдік брэндтерде.

 

«Енді таза брендтер аламыз. Өйткені, жолға көп шығамыз. Шетелге көп жүреміз.  Америка болсын, Туркия болсын, Дубай болсын. Ал кейде  кәдімгі жай ғана қарапайым дүкендерден, ал кейде  тіктіртіп аламыз деген сияқты. Өзіміздің ойымызбен киінеміз. Қалай ұнайды, солай киіне саламыз», — дейді Айдарбекова.

Шахизада үшін брендтің маңызы жоқ! Жарасымды образ жанына жақса, сол да жеткілікті. Тіпті, 50- ден асқан әнші дизайнердің де көмегіне зәру емес!

«Мен өз талғамыммен  аламын. Өзіме қалай ыңғайлы, жарасымды, түсіне байланысты дегендей… Көбінесе киім жағын өзім таңдаймын. 90 пайыз деп айтайын. Көпшілікке ұнап жатады. Соған қарағанда талғамым жаман емес-ау деп ойлаймын», — дейді Шахизада.

Ал, отандық сәнгерлер ше? Дизайнер Ая Бапани кез-келген киімңнің сапасын жасырмайды, бағасын да ашып айтады.

«Өзім дизайнер болғандықтан, өзімнің киімдерімді киемін көбінесе. Мәселен, мына үстімдегі сюртюк пальтоаның  бағасы 290 мың теңге тұрады», — дейді дизайнер Ая Бапани.

Танымалдар таңдауын талқылады, талғамын таразылады. Қарапайым қарашаны қызықтырған сауалдың жауабы осы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close