Жаңалықтар

Жадоның адвокаты: Түсіпбаеваны сотқа мәжбүрлі түрде әкелу керек

Фото: Informburo.kz

Алматы қаласындағы «Бостандық» ауданындағы №2-ші аудандық сотының судьясы Теміржан Құдабаев Түсіпбаеваның адвокатынан келіп түскен өтініш хатты оқыды. Түсіпбаеваның қорғаушысының анасы тосыннан ауруханаға түскен көрінеді.

Айыпталушы тараптың бұл қылығын түсіне алмаған Жадоның адвокаты сот төрағасына Түсіпбаеваны күштеп әкелуді өтінді.

Жадоның адвокаты: Егер де себепсіз келмесе сотқа мәжбүрлі түрде әкелуге, егер де адвокатының жазған себебі өтірік болатын болса онда қорғаушысына да шара қолдану керек.

Десек те Меруерт ханым да үйінде қол қусырып жатпағанда ұқсайды, әнші өнердегі аға-буын арқылы даулы мәселенің шешімін таппақ болған.

Дизайнер Жадо: Бір, екі күн бұрын үлкен кісілер маған қоңырау шалған болатын, әнші апайларымыз хабарласқан. Сол уақытта ол кісілермен сөйлескенбіз Меруертпен сөйлесіпті, «кешірім сұраймын» — деген әңгімелер болды, бірақ шыны керек менің сөзім жоқ, мен ол кісіні кешірмеймін.

Үшінші мәрте сотқа келмеген Меруерт Түсіпбаеваға Жадыра Сахиеваның анасы қатты ашулы.

Жадоның анасы: Сотты, заңды сыйламаған адам, жастарға білім, тәрбие береді деп ойламаймын. Халықтан кешірім сұрасын, бізден емес халықтан кешірім сұрасын. Ол әңгімені халық естіді ғой, бұл не деген сұмдық?!

Жұртты дүрліктірген Жадо мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы дауға әлі күнге дейін нүкте қойылар емес, соған қарағанда қарсыласқан қос әріптес бір-бірінің бет-жүзін көрмей, сыйласудан да қалған сыңайлы, ал кезекті сот отырысы қаңтар айының 25-і күні сағат сағат 15.00-де өтетін болады.

Дереккөз: «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасы

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close