Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

«Жыл тойы» қалай өтті?

j39oM68zhj4

Той әдеттегiдей некелесумен басталды. Жиналған барша жақын жора-жолдас бауырлары, өмiрдегi мен өнердегi достары некелестiру сәтiнде куә болды. Тойды басқару бақыты беделдi де танымал жүргiзушiлер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек, Нұрсұлтан Ережеповке бұйырды. Тойдың қыз жолдасының ( Зарина Буланова) сөзiне сенсек, тойға екi ай iшiнде дайындалғандығы туралы баяндайды және де той ғана емес, сонымен қатар қыз ұзату да жоғары деңгейде өткен. Аздаған шаршау болмаса, қыз жолдас болу Ашаның құрбысына қиындық тудырмағанымен, жігіт жолдос Дильен үшiн қызықтарынан, қиындықтары басым болған. Себебi туфли киуге әдетi жоқ Дильенге таңертеңнен бастап туфлимен жүру оңайға соқпады, бiр жерге барып келу, көмектесу жұмыстары адамды әрине шаршатса да, жан досы үшiн аянбады. Дильеннiң айтуы бойынша той өз деңгейiнде, қонақтардың бәрi көңiлдi көңiл-күймен қайтты деседi. Бейбiт ағамыз айтқандай бұл той өнер адамдарымен нұрлана түсті (Алл Давай,Абдулкарим Каримов,Макпал Исабекова,Дильназ Ахмадиева,Айқын Төлепберген,Алтынай Жорабаева, Айдын Шалқар,Лашын тобы,Жанар Дугалова, Тәуекел Муслим,Ерлан Алимов,Али Окапов, Нұр-Мұқасан тобы,Гульвира Иллахунова, Жұбаныш Жексенұлы,Салтанат Бақаева, Дастан Оразбеков,Дилани) сол себептi күмән жоқ той әдемi әрi қызықты өттi. Және де ең қызығы, тойда ғаламтор жұлдызы МС Сайлаубек те ән шырқап, қонақтардың көңiлiн көтерiп, жастарға бақыт тiледi. қорытындылай кетсек, бұл тойды «жыл тойы» деп атаймыз. Арман мен Аша бақытты. Баянды ғұмыр, мөлдiр махаббат тiлеймiз.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close