Абай Бегейдің концерті қалай өтті?

Бүгін яғни 3 мамыр Республика сарайында «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын»,»Үрбибі» хит әндерінің орындаушысы Абай Бегейдің концерті өткен болатын, концерт қандай деңгейде өтті, қалай өтті осы сұрақтардың жауабын концертке қатысқан әншілерден яғни Абай Бегейдің әріптестерінен сұрауды жөн санадық.

SAMSUNG CSC

 

Нұрлан Еспанов: Концерт өте жақсы деңгейде өтті, Абай менің өзім қатты сыйлайтын досым, бауырым Абайдың «Аспанға қараймын» ғана емес, көптеген хит әндері бар ол:»Үрбибі», «Сезім қамалы» «Бағалым» және т.б көптеген хит әндері бар, сондықтан Абай концерт беруге әбден лайық, көптеген еңбектер жасады, Алла қаласа болашақта да Абайдың көптеген концерттерінде өнер көрсетеміз деген ойдамын!

SAMSUNG CSC
Бердібек Құлғараев: Міне бүгін Абай ағамыздың концерті өтуде, сырттан бақылап тұрмын концерт керемет өтуде, залда халық толған, Абай ағамызға бастысы денсаулық тілейміз, үлкен еңбегінің арқасында Абай ағамыз осындай деңгейге жетіп отыр, ағамызға тек сәттілік тілейміз, жұлдызыңыз жана берсін дейміз.

SAMSUNG CSC

Фарида Жолдасова Әнші: Абай ағаның әндерін қатты жақсы көремін, Абай ағаның концертіне ат салысып жатқаныма өте қуаныштымын, Абай ағама үлкен жетістіктер, шығармашылық табыс тілеймін.

Бізге де концерт қатты ұнады, Абай ағамыздың концерті үлкен деңгейде өтті, Абай ағамызға Жұлдыздар Әлемінің атынан сәттілік тілейміз, хит әндеріңіз көбейе берсін, алар асуыңыз алда деген үмітте әрі сенімдеміз, тек қана алға!

 

 

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close