Жаңалықтаржоғары

«Сөйле, айналайын» Қазақстандық жұлдыздар қазақ тілінде сөйлеуге шақыруда

Gakku арнасының продюсері, тележүргізуші — Тимур Балымбетов ерекше флешмоб бастады. «Сөйле, айналайын» атауымен тараған флешмоб тек қазақ тілінде сөйлеуге шақырады. Аталмыш флешмоб жайлы продюсер өзінің жеке инста-парақшасына жариялап, ой салды. Ал оның ойын эстрада жұлдыздары іліп әкетті. Олар да өз  жеке парақшаларына видеоүндеу жариялап, қазақша сөйлеуге шақырды.

 Тимур Балымбетовтың айтуынша, оның аталған флешмобты бастауына әнші, Ринголық Әділжан Омаровтың желідегі парақшасында жариялаған видеосы түрткі болған екен.

«Иә, мен – ұйғырмын. Бірақ мен – Қазақстан азаматымын. Осы жерде туып-өстім, білім алдым және жұмыс істеп жатырмын. Бұл – менің үйім. Сол үшін қазақ тілінде сөйлеуім керек, білуім керек. Сіздер де қазақша сөйлеңіздер. Мейлі акцентпен болсын, мейлі нашар болсын. Ең бастысы, ақырындап сөйлей беріңіздерші», – дейді Әділжан.

Әділжан мен Тимурды қолдауға Дильназ Ахмадиева да білек сыбана кірісті.

«Қазақстандықтар, «Сөйле, айналайын» флешмобын қолдауға және қазақ тілінде сөйлеуге шақырамын! Акцентпен болса да, одан ұялсақ та, тек қазақ тілінде сөйлейік. Бір тілді меңгеру тек тәжірибе арқылы мүмкін болады.  Және қазақ тілін енді үйреніп жүрген адамдарға түсіністікпен, сабырмен қарауларыңызды өтінемін. Бір-бірімізді қолдайық!» – деп жазған.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close